Стоковые изображения от Depositphotos
Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің жалпы аумағы 3500 гектарға жуық екенін хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда кешке Абай облысы аумағындағы орман өрті ауыздықталды.
25 мамырда премьер-министр Әлихан Смайылов Абай ауданындағы орман өртінің қаупі туралы айтты.
«Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл — әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті», — деді Әлихан Смайылов.
Сурет: gharysh_sapary.
По сообщению сайта Arna Press