Стоковые изображения от Depositphotos
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.
Президенттің арнайы Жарлығы шықты.
1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;
2. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы;
3. Губаев Алексей Григорьевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы;
4. Начинёнов Константин Сергеевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
5. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
6. Сидорин Виктор Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
7. Сидорин Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
8. Фоминых Максим Владимирович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
9. Гражданкин Петр Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;
10. Пузырев Сергей Николаевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;
11. Дарибаев Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының тракторшысы – машинисі;
12. Ганьшин Даниил Евгеньевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының көлік жүргізушісі;
13. Пузырев Николай Иванович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі;
14. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған азаматтардың отбасыларына және задап шеккен азаматтарға көмек көрсетілетінін айтты.
«Зардап шеккен тұрғындардың бәріне қолдау көрсетіледі. Сондықтан берілген уәдені міндетті түрде орындауым керек. Қаза болған азаматтардың отбасына және зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу мәселесін шешуді тапсырамын. Бұл мәселеде созбалаңға салу мүлдем болмауы керек», деді президент.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды.
Сурет: aqorda_resmi
По сообщению сайта Arna Press