Популярные темы

Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды

Дата: 19 июня 2023 в 14:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды
Стоковые изображения от Depositphotos

Шымкент билігі оқиғаға назар аударды, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

Еске салайық, Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Instagram-парақшасында жануарларды алау қызметі орнынан жантүршігерлік кадрларды жариялаған болатын – еденде тізілген ондаған мысықтың денесі, басы мен табаны кесілген мысық.

Мемлекеттік мекемедегі қатыгездік Қазнетті ашуландырды. Адамдар әлемдік БАҚ өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырып, Қазақстанда қорғансыз жануарлардың құқығы бос сөз екенін айтып жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов оқиғаға объективті және құқықтық баға беру үшін құзырлы органдар өкілдерімен арнайы комиссия құруды тапсырған.

Сараптама барысында комиссия мүшелері бірқатар заңбұзушылықты анықтағаны айтылды: ауру жануарлардың сау жануарлармен байланысы, жануарлардың биоматериалдарын уақтылы шығармау және жоймау.

«Қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жағдай комиссия бақылауында», — делінген хабарламада.

Сурет: instagram/inucobo_kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями