Популярные темы

Қазақстанда ыстықтың беті қашан қайтады

Дата: 14 июля 2023 в 16:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда ыстықтың беті қашан қайтады
Стоковые изображения от Depositphotos

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2023 жылғы 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер алдағы күндері елімізде Қара теңіз аймақтарынан циклон пайда болатынын мәлімдеді. Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жаууы және екпінді жел тұруы мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

«Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін ауа температурасы 20+25-тен 25+33-ке дейін көтеріледі деп болжанды. Солтүстік-батыста +18+30-дан 25+33-ке дейін, орталықта 25+33-тен 32+39-ға дейін, оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін, ал республиканың батысында температура +22+35, шығыста +27+ 35 болады» .«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Болжам бойынша, республиканың оңтүстік-шығысында температура фонында өзгеріс болмайды.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями