Стоковые изображения от Depositphotos
Джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
69 кг дейінгі салмақтағы қазақ спортшысы финалда Мұхаммед әл Суваидиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті. Есеп 4-2.
Нұржан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түскен. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.
Осы салмақтағы тағы бір Ұлттық құрама өкілі Алдияр Серік Ноа Лимді (Сингапур) жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ертеректе 19 жастағы Серік іріктеуде Оңтүстік Корея, Филиппин, Біріккен Араб Әмірлігінің джиу-джитсу шеберінен басым түскен, алайда жартылай финалда тағы бір БАӘ-нің атлеті Мұхаммед әл Суваидиға қосымша көрсеткіш бойынша есе жіберді.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press