Стоковые изображения от Depositphotos
ШҚО полицейлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізумен айналысқан 52 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде спецификалық иісі бар скотчпен оралған өсімдік тектес зат салынған екі полимерлі пакет тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды. Ер адам есірткі затын кейіннен облыс орталығының тұрғындары арасында сатуды жоспарлаған.
«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», делінген хабарламада.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press