Стоковые изображения от Depositphotos
Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген, аталған қаражатты құмар ойынға жұмсайтыны анықталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрады, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына берілген несиелерді өтеуге уәде берген.
«Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзінің таныстарынан оған бұрын жақсы нәтиже көрсеткен спорттық ұйымға қайта оралу үшін материалдық көмек сұраған. Таныстары алаяққа сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Алайда кейінірек «жалған спортшы» достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды. Жәбірленушілер өздерінің таныстарының тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген».
Полицияға 19 адам жүгінді. Барлық фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы жазылымда, келтірілген залал 39 миллион теңге. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press