Популярные темы

Қазақстанда ірі теңіз көліктік-логистикалық кластері пайда болады

Дата: 22 мая 2024 в 17:48


Қазақстанда ірі теңіз көліктік-логистикалық кластері пайда болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан Үкіметі теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Кешенді жоспар аясында Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құру көзделген.

«Бұл контейнерлерді өткізу қабілетін арттыруға, жүктерді ауыстырып тиеу терминалдарын және халықаралық тасымалдардың логистикасын дамытуға, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді едәуір азайтуға мүмкіндік бермек».ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі

Биыл Құрық портының акваториясын тереңдету және Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталады.

Жобалардың негізгі үлесі жеке инвестициялар есебінен салынбақ. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде жоспарланған инвестициялар да бар.

2028 жылға дейін порттардың өткізу қабілеті 50 пайызға артады. Ал контейнерлерді өткізу қабілеті 3 есе артады деп көзделген.

Сурет: gov.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями