Популярные темы

Абай облысының мектептерінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» іске асуда

Дата: 23 мая 2024 в 12:58


Абай облысының мектептерінде
Стоковые изображения от Depositphotos

Жергілікті мектептерде жүзеге асырылатын «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата-аналарды білім беру мен тәрбие үдерісіне тартуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында жүргізіліп келеді. Әр апта бір күн «Жұмыс сенбісіне» арналады. Ата-аналар мектепке келіп, балаларымен қолөнер  түрлерін бірге жасап үйреніп жүр. Бұл күн отбасылар мен мектеп қауымдастығын біріктіретін еңбекқорлық пен бірлескен шығармашылық мерекесіне айналып отыр. 

Жарма ауданының Маяковский орта мектебі бағдарламаның балалардың еңбек пен дәстүрге деген құрметін қалыптастыруға оң әсерін көрсетеді. Мектепте «Әжелер мектебі», «Аталар мектебі», «Ағалар мектебі» мен «Жеңгелер мектебі» жүйелі жолға қойылған. Мұнда әртүрлі дағдылары бар өнерлі ата-аналар ұлттық киімдер мен бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Балаларды тігін тігуге, құрт сияқты дәстүрлі қазақ өнімдерін жасауға, қамшы өруге және ағашпен жұмыс істеуге үйретеді. Сондай-ақ оқушылар жүн иіру, тоқу, ою-өрнектер жасаумен айналысады, ән айтуды үйренеді және армрестлинг, күрес сияқты спорт түрлерін игереді. Мұның бәрін ата-аналар үйретіп жүр.

 «Жұмыс сенбісі» тек оқу күні ғана емес, балалар үлкен ынтамен баратын маңызды мәдени оқиғаға айналып отыр. Себебі ата-анамен бірлескен сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысады, тігуді үйренеді, қамшы өреді, текемет тоқиды, қыздар шаш өріп үйренеді, жіптер мен моншақтардан суреттер салады. Қазір мектеп оқушылары тігін машиналарында тігуге машықтанған. Өздері мектепте киетін ұлттық нақышта жилет тікті.  

Сонымен қатар балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарды сатып, табыс көзі ретінде де қарастырады. Бұл олардың кәсіпкерлік дағдыларын және еңбектерін бағалау қабілетін дамытады. Сондай-ақ балалар Мәдениет үйінде жұмыс істейтін ата-аналардың бірінің басшылығымен домбырада ойнауды үйренеді. 

«Біздің балалар бұл сабақтарға қуана қатысады. Олар практикалық дағдыларды игеріп қана қоймай, ата-аналарының мектеп өміріне қолдауы мен қатысуын сезінеді. Бұл олардың отбасымен байланысын нығайтады және біздің мәдени дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбиелейді», — деді тәрбие жөніндегі меңгеруші Анаргүл Ахметкәрімова

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген бұл жоба аға ұрпаққа мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісі болды. Оқушылар жүннен 30-ға жуық шұлық жасап, қарттар үйіне жіберді. Балалар тәрбие процесіне белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды жеткізуге көмектесіп жүрген  ата-аналарын мақтан тұтады.

Бастама ата-аналар арасында да қолдау тапты.

«Біз үшін балалардың өз тамырын білуі және еңбекті бағалай білуі маңызды. «Жұмыс сенбісі» бізге осы білім мен дағдыларды тікелей жеткізуге мүмкіндік берді. Әр сабақ қызықты өтеді. Ата-ана мен оқушы арасындағы қатынас тереңдеп, балаларымызбен көбірек сөйлесеміз», дейді Анар Сатқанбаева. 

Абай облысы мектптерінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін мектеп пен отбасының күш-жігерін тиімді біріктіру үлгісін көрсетіп жүр. Мұндай бастамалар оқу процесін байытып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық байланысты нығайтуға, мектептегі білім беруді мағыналы және мәдени тұрғыдан бағдарлауға ықпал етеді.

Бұл мектептің тәжірибесі облыстың басқа мектептеріне де таралады деп жоспарлануда, онда ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу мектеп бағдарламасының ажырамас бөлігіне айналуы үшін осындай тәжірибелер енгізіле бастайды.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями