Стоковые изображения от Depositphotos
9-10 тамыз аралығында Петропавл қаласында жыл сайынғы Жедел медициналық жәрдем бригадаларының спартакиадасы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Спартакиаданы Денсаулық сақтау министрлігі Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығымен және Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткізді.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік бригада атағына таласқан командаларды жиналды. Медицина қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге, талма ауруы кезінде және тағы басқа жағдаяттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жұмыс барысындағы этикасы бағаланды.
«Бұл спартакиада жыл сайын жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысын жетілдіру және Қазақстанның шұғыл медицинасында халықаралық стандарттарды енгізу үшін өткізіледі» , деп айтты Абай облысының жедел жәрдем станциясында.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша 2024 жылы Абай облысының Жедел медициналық жәрдем бригадасы бірінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бұл команада 2023 жылы өз аумағында өткізілген спартакиада Бас жүлдеге ие болып, өткен жылғы жеңісін бекітті.
Сурет: Абай облысы жедел жәрдем станциясы
По сообщению сайта Arna Press