Популярные темы

Қазақ тілі-ең бай, ең көркем тіл

Дата: 11 сентября 2024 в 01:08


Қазақ тілі-ең бай, ең көркем тіл
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол-ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі-бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр. Қазақтың жақсы, дана сөзі бар: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ». Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан жоғарыда баяндалған мемлекеттік тіл мен оның мәртебесіне қойылған талаптар біртіндеп, әрі дәйектілікпен жетуге тиіс нұсқаның негізгі өлшемдеріне айналуы керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен оның басшылары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыруда негізгі жауапкершілікті өз мойынына алады. Әр қазақстандықтың жүрегі «Қазақ тілі-менің тілім!» деп соғып, қазақ тілін меңгеру-қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.
«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады делінген. Үкімет, өзге де мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін  нығайтуға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті делінген. Қазақ тілін оқыту жастайынан, бесіктен басталу керек.   Көп ұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету — өте күрделі мәселе. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге елімізде өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдерінің де құлшынысы күннен-күнге артып отыр. Бұны қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз керек.   Көзі қарақты, оқыған-тоқығаны мол, өзінің ғана емес өзге ұлттың да қайғы-қасіретін ұғынытан рухы биік әрбір азамат қазақ тілінің тағдыры, қазақ халқының тағдыры екенін терең түсінуі керек.  
Жамбыл облысы Әділет департаменті Сагиндикова Карлыгаш Мухитқызы

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также