Стоковые изображения от Depositphotos
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» болжамдарына сәйкес, ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжаған болатын.
Сурет: pixabay.com
По сообщению сайта Arna Press