Популярные темы

Абай облысында 21 мыңнан астам жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін айыппұл төледі

Дата: 24 января 2025 в 15:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында 21 мыңнан астам жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін айыппұл төледі
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылы Абай облысында осы қауіпті құқық бұзушылық үшін 21 633 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Бағдаршамның қызыл түсіне өту – бұл жай ғана ереже бұзу емес, ол жолдағы өмір мен қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді. Алайда көптеген жүргізушілер асығу немесе ережелерді елемеу арқылы қызыл жарықта өтіп кету тәуекеліне барады», — делінген ПД таратқан хабарламада.

Биыл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қызыл жарыққа өту немесе реттеушінің белгілерін елемегені үшін 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Егер бұл бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке (58 980 теңге) дейін өседі. Абай облысы Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр.

«Бұл шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ олардың мүліктерін қорғауға бағытталған. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, себебі секундтық ереже бұзу ауыр салдарға әкелуі мүмкін», — деп жазды ПД баспасөз қызметі.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями