Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 67

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді

Arna Press, 07 сентября 2023 в 15:28

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді
Қала күніне орай Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарыс өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды түрде қабылданбаған. Сондықтан, Семей қаласының автокөлік жүргізушілері, ҚР автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, аталған іс-шараның өткізуге келісім алды.Автожарыс Қарағайлы ауданында өтеді деп жоспарланған.«Семейліктер мен өзге аймақтардан келген қатысушылардың ең қуатты көліктері сынға түсетін алғашқы жарыс 9 қыркүйекте өтеді.

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 18:48

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді
Тергеушілер Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев пен кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа жіберді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қалалық соттың мәліметінше, айыпталушылар 2022 жылдың басында Алматыда болған қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінді.

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 17:48

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық түрлі саладағы меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаймақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты.

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды

Arna Press, 06 сентября 2023 в 16:38

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды
Кез-келген салада өз құқықтарының бұзылуына тап болған қала тұрғындары енді көмекті Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігінен сұрай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Азаматтар олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соқтырған лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне немесе шешімдеріне шағымдана алады.Сондай-ақ, өкілдікке қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жүгіне алады.Омбудсмен уәкілетті органдардың функцияларын алмастырмайды, бірақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесетінін атап өткен жөн.Облыс бойынша орталық өкілдігін Дулат Ертұғанұлы Жұмагелдин басқарады.Өкілдік Семей қаласы, Затаевич көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.Сурет: ашық дереккөздерден

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы.

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттау жүйесінің жеңілдетілгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы министр «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатта мәлімдеді.«Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек.

«Ұлтаралық араздықты қоздырдың». «Немо» дельфинарийі қазақша қызмет көрсетуді талап еткен журналисті кінәлаған 06 сентября 2023, 09:35

Tengrinews, 06 сентября 2023 в 09:43

Қазақстанда кәсібін дөңгелеткендердің қазақ тіліндегі қызметі ақсап тұр. Мәселен, Алматыдағы «Немо» дельфинарийіне 9 бірдей бүлдіршінді ертіп барған Жазира Байдалы есімді қала тұрғыны қойылымның қазақ тілінде болмағанын айтып шағымданды. Massaget.kz тілшісі мәселені зерттеп көрді. Оның сөзінше, билетте қойылымның қай тілде көрсетілетіні жазылмаған.

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 13:18

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді
Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деді Президент.Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.«Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды«Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.Сурет: Aqorda.kz

Франциядан Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды

Arna Press, 05 сентября 2023 в 12:08

Франциядан Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде жазылған деп сипаттағанына сүйене отырып, бұл жазбаны да аталған туындыға жақын деп тұжырымдайды.«Қолжазба жеті тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған.

Қазақстанда 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады

Arna Press, 04 сентября 2023 в 16:18

Қазақстанда 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.Жоба 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.Сурет: Zakon.kz

Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды

Arna Press, 04 сентября 2023 в 13:48

Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды
Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалада 3500-ден аса кәсіпкерлік нысандары бар. Ағымдағы жылы 30-дан артық нысанның қасбеттері күрделі жөндеуден өтті.«Көктемде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру бойынша тапсырмалар берген болатын», деп жазылған хабарламада.Бұдан бөлек, қаңтар айынан бастап 3000 дана хабарламалар таратылып, учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 2 366 хаттама толтырылды.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Показано 30 новостей из 4 825