Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 70

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ 23 августа 2023, 06:30

Tengrinews, 23 августа 2023 в 06:33

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ
                23 августа 2023, 06:30
Маңғыстауда Қаратұрын кен орнында ұңғымадан шыққан өрт екі жарым айдан бері әлі өшкен жоқ. Салдарынан қоршаған орта ластанып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. Экологтар облыстағы ауа құрамын тексеріп, 2540 мг/м3 метанның шекті мөлшерден асып кеткенін анықтады.

Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 22 августа 2023 в 19:18

Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысында өткен кездесуде Бекболат Молдабеков мемлекет заңнамасындағы өзгерістер, Әділет органдарының қызметі, сонымен қатар сот орындаушыларының алимент өндіріп алуы туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Вице-министр айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан астам атқарушылық іс бар.«Осы жылдың 6 ай ішінде Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді.

Алматы облысында Атом электр станциясын салу бойынша қызу пікірталас болды

Arna Press, 22 августа 2023 в 15:38

Алматы облысында Атом электр станциясын салу бойынша қызу пікірталас болды
Үлкен ауылында атом электр стансасының құрылысын қоғам боп талқылап жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Түрлі көзқарас арасындағы қызу тартыс Жамбыл облысының әкімі Нұрлан Ертастың сөзін бұзып жібере жаздады.Қоғам белсенділері плакаттармен шығып, құрылысқа қарсылық білдірді.

Абай облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан үздік деп танылды

Arna Press, 22 августа 2023 в 13:48

Абай облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан үздік деп танылды
Қарағанды қаласында 17-19 тамыз аралығында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионаты өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған еліміздің күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының құрама командалары қатысты — барлығы 34 команда, 350-ден астам қатысушы бақтарын сынады.Абай облысы Полиция департаментінің 3 санатты аға инспекторы полиция капитаны Ринат Махмутов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Ербота Нұртасов 80 кг салмақ дәрежесінде күміс, жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Бекзат Қайдаров үшінші орынға ие болып, 97 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде арқалады.«Абай облысының Полиция департаменті спортты дамытуға, оның ішінде қоян-қолтық ұрысқа көп көңіл бөлуде.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатында 4 бала зардап шеккен

Arna Press, 22 августа 2023 в 13:48

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатында  4 бала зардап шеккен
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шеккен:«Бір ересек адам оқиға орнында ауруханаға жатқызудан бас тартты, екеуін жедел жәрдем бригадасы қалалық клиникалық аурухана мен орталық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Қарызын кешіруді сұраған азаматтардың 80 пайызының өтініші қабылданбады

Arna Press, 22 августа 2023 в 12:48

Қарызын кешіруді сұраған азаматтардың 80 пайызының өтініші қабылданбады
Кірістер комитеті әрбір кері қайтарылған құжатқа нақты себеп бар деп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Несие төлеуге мүмкіндігім жоқ», — деген кейбір борышкерлердің депозитте жиғаны бар болып шыққан, деп жазады qazaqstan.tvКредит төлей алмайтындарды құтқаратын арнайы заң қабылданғаннан кейін алғашқылардың бірі болып өтініш берген алматылық Гауһар Дауылжанқызы.

«Адам өлуі керек пе?» Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқынышпен өмір сүріп жатыр 22 августа 2023, 06:35

Tengrinews, 22 августа 2023 в 06:43

Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқыныштан «шыбын жанын шүберекке түйіп» отыр. Жергілікті билік Тасбөгет кентіндегі бірнеше үйді апатты деп танығанмен тұрғындарды көшіруге асығар емес, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Семейде демалыс күндері жасөспірімдердің қатысуымен 20 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Arna Press, 21 августа 2023 в 18:18

Семейде демалыс күндері жасөспірімдердің қатысуымен 20 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Өткен демалыс күндері ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Рейд барысында 20 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, ал кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жазаға тартылған».

ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды

Arna Press, 21 августа 2023 в 17:08

ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды
Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта белгісіз біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атқандығы туралы шағым түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану және өлім-жітім азайып келеді

Arna Press, 21 августа 2023 в 17:08

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану және өлім-жітім азайып келеді
Қазақстанда кейінгі 5 жыл ішінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақты оң динамика байқалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Туберкулезбен сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіші 2018 жылы 81,7-ден 2022 жылы 100 мың халыққа шаққанда 36,5-ке дейін төмендеді, таралуы бойынша 2018 жылы 69,2-ден 2022 жылы 49,6-ға дейін төмендеді, өлім-жітім де 2018 жылы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендегені айтылды.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатры Мәлік Әденовтің айтуынша, 2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы көрсеткіштерді талдау кезінде сырқаттанушылықтың, таралудың және өлім-жітімнің төмендеуі байқалады.

Үкімет ТЖМ-ның бөлімшелеріне арнайы құрылғылар алу үшін 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Arna Press, 21 августа 2023 в 15:28

Үкімет ТЖМ-ның бөлімшелеріне арнайы құрылғылар алу үшін 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді
Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуге өз резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатқа сай, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады.Бүгінде ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсті

Arna Press, 21 августа 2023 в 14:38

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсті
Алматыда автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Соған орай картамен немесе SMS код арқылы төлегенде, 100 теңге болса, ал қолма-қол төлеу кезінде жолақысы 200 теңгеге жетті. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді.Тегін жүруге кімдер құқылы?Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланған еді.Сурет: Tengrinews.kz

Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жастағы қыз суға батып кетті

Arna Press, 21 августа 2023 в 13:48

Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жастағы қыз суға батып кетті
Ақтауда екі демалыс орнында қыз бен ер адам суға батып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Лада» басылымының ақпараты бойынша, жедел жәрдем дәрігерлері 14 жастағы қыз «Монтажник» демалыс базасында сағат 11:47-де қаза болды деп айтты.Екінші қайғылы оқиға кешкі уақытта «Бриз» демалыс орталығында болды.

Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты

Arna Press, 21 августа 2023 в 12:58

Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты
Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыстың түкпір-түкпіріндегі көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің төбесінен су атқылаған.

В Астане открылась ярмаркя «Kids EXPO. Балалар әлемі»

kapital.kz, 20 августа 2023 в 22:36

В Астане открылась ярмаркя «Kids EXPO. Балалар әлемі»
18 августа в Астане состоялось открытие ярмарки детских товаров «Kids EXPO. Балалар әлемі». «Мы надеемся, что ярмарка станет традиционной. Начало нового учебного года – это важное событие в жизни каждого ребенка, каждой семьи. К сожалению, не все семьи могут себе позволить обеспечить детей всем необходимым для учебы.

Ярмарка детских товаров «Kids EXPO. Балалар әлемі» проходит в Астане 19 августа 2023, 12:03

Tengrinews, 19 августа 2023 в 12:13

Ярмарка детских товаров
На территории международного выставочного центра EXPO в Астане открылась ярмарка детских товаров «Kids EXPO. Балалар әлемі». В течение трех дней, с 18 по 20 августа, жители и гости столицы могут найти здесь все необходимое для подготовки к школе. Столь масштабная школьная ярмарка проводится в Астане вот уже второй раз.
Показано 30 новостей из 4 825