Стоковые изображения от Depositphotos
Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдері Бейжің Олимпиадасына жұмсалған қаражаттың есебін берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰОК бас хатшысы Андрей Крюковтың сөзінше, Олимпиада ойындарына тікелей қатысуға 248 миллион теңге кеткен. Оның 107 миллион теңге Air Astana компаниясына чартерлік рейсті ұйымдастырғаны үшін жұмсалған.
«Командалардың Олимпиада ойындарына дайындығына 789 миллион теңге кетті. Дайындық жұмыстарына 234 спортшы және жаттықтырушы қатысты. Орташа шығын — бір қатысушы үшін 15 миллион теңге», — деді Крюков ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, Крюков спорт түрлері бойынша жыл бойы қанша қаражат жұмсалатынын айтты.
«Биатлон — 384 миллион теңге, тау шаңғысы — 100 миллион теңге, конькимен жүгіру спорты — 400 миллион теңге, шаңғы жарысы — 363 миллион теңге, керлинг — 200 миллион теңге, трамплиннен секіру — 198 миллион теңге, сноуборд — 14 миллион теңге, конькимен мәнерлеп сырғанау — 143 миллион теңге, могул фристайл — 562 миллион теңге, фристайл акробатика — 319 миллион теңге, шайбалы хоккей (әйелдер, ерлер) — 259 миллион теңге, шорт трек — 392 миллион теңге», — деді Крюков.
Жалпы бюджеттен қысқы спорт ойыны түрлеріне 3,5 миллиард теңге жұмсалған.
Еске салайық, қазақстандық спортшылар 21 ақпанда Бейжіңде өткен қысқы Олимпиада ойындарынан елге оралған болатын. Биыл Қазақстан Бейжің Олимпиадасынан медальсіз оралды.
По сообщению сайта Tengrinews