Популярные темы

Экзотикалық өнім: Түркістан облысында тұңғыш банан өнімі жиналды

Дата: 29 мая 2024 в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Экзотикалық өнім: Түркістан облысында тұңғыш банан өнімі жиналды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысында тұңғыш рет банан ағашы өнім беріп, шаруалардың жұмысы қызды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аlmaty.tv 

Алдағы уақытта сатылымға шығатын Сайрам ауданындағы тропикалық жемістің бағасы импорттық өнімнен әлдеқайда арзан болуы мүмкін. Қазақстан бойынша тұңғыш рет банан ағашы егілген Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы жылыжай. Былтырғы тропикалық көшет тоғыз айдан кейін өнім беріп отыр. Бір ағаштағы жеміс салмағы 40 келіден асатын көрінеді. Барлығы 1 жарым мың тонна өнім жинауды көздеп отырған кәсіп иесі бананның жылына екі рет жеміс беретінін айтады.

5 гектар жерге 9 мың түп ектік. Бірінші өнімге 600 тонна алайын деп тұрмыз. Мына ағаштарға 9 ай , ал көшеттеріне 5-6 ай болды. 3-4 айдан кейін олар да өнім бере бастайды. Кейін әрі қарай жылына 2-3 ретке дейін өнім аламыз. Жылына екі мың тоннаға дейін банан жинауды жоспарлап отырмыз,  — дейді кәсіпкер Ислам Әлиев.

Банан жинаудың да әдісі бөлек. Ағаштан кесілген 40 келі жемісті бірден жерге тастауға болмайды. Оны иығындағы жастыққа салған жұмысшылар жіпке байлап, іліп қоюы керек. Содан кейін ғана тропикалық жеміс кесіліп, суға салынады.

Бұрын Қазақстанда ешқашан өсірілмеген өнім. Сол себепті қызығушылық болды. Үйреніп, көрейік деген ниет болды. Туруиядан мамандар келіп, олармен кеңестік. Мамандар бірнеше күн бізге көрсетіп, үйретті, — дейді жұмыскер Бақыт Заманханұл.

Кәсіпкер жиналған өнімге қазірдің өзі сұраныс көп дейді. Аталған жеміске әсіресе Қарағанды мен Шығыс Қазақстандықтар қызығушылық білдірген. Алайда, қазақстандық банан әзірге Алматы мен Шымкентте ғана сатылмақ. Сәйкесінше, тауар бағасы да шетелдік өнімдерден арзан болуы мүмкін. Айта кетейік, шаруа ендігіде авокадо егуді жоспарлап отыр.

Сурет: Аlmaty.tv

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями